22 қазан 2018 | 15:37

Алматы орталығындағы жөндеу жұмыстары: Байбек тұрғындармен сөйлесіп қайтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі © Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қаланы абаттандыру бойынша бұрын берген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қаланы абаттандыру бойынша бұрын берген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі бұрын Желтоқсан көшесін аралаған кезде "Тәуелсіздік таңы" монументі жанына шағын қауіпсіздік аймағын жасауды тапсырған еді.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, бұрын көлік қозғалысы бөлігі ескерткішпен түйісіп тұрса, енді шағын жерге кеспе тас төселіп, қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілді әрі жасыл шөп отырғызылды.

"Өз кезегінде Абай даңғылының бірқатар бөлігіне, соның ішінде Лермонтов атындағы орыс драма театрының алдына гранитті тротуар плиткасы төселді және жасыл желек көлемі артты. Театрға кіре беріс жердегі ұзақ уақыт бойына бос тұрған су бұрқақ іске қосылды.

Қаланы модернизациялау барысында Ұлттық кітапхана мен Байсейітова көшесі арасындағы бұрынғы резервуардың орнына жаңа фонтан пайда болды", - дейді әкімдіктегілер.

Бұдан бөлек, кедергісіз кеңістікті ұлғайту үшін пандустардың саны көбейгені айтылады. Мысалы, Спорт пен туризм академиясы алдындағы жаңа фонтанға қиналмай түсуге болады. Көлік қозғалысы бөлігіне жақын орналасқан бекеттер қауіпсіздік үшін ауыстырылды, жолаушы ағыны көп жерлерге қосымша бекеттер жасалады.

Қаланы аралаған Бауыржан Байбек кәсіпкерлермен жүздесті, қайта жасалған даңғылдарда орналасқан сауда объектілерін көрді.

Абылай хан даңғылындағы "Лакомка" кондитер дүкенінің сатушысы жөндеу жұмыстарынан соң және ұзақ уақыт бойына бос тұрған фонтанның іске қосылуы барысында келуішілердің едәуір көбейгенін айтты.

"Сатып алушылар жиі келе бастады, тіпті сендер жаңадан ашылдыңдар ма деп сұрайды. Ал біз мұнда көптен бері жұмыс жасаймыз. Айнала таза, бәріміз ризамыз", - деп күлімсіреді ол.

Бір ай бұрын ғана жаңарған "Алматы Кітап" дүкенінің сатушысы Наталья Кох Абай даңғылын реконструкциялау арқасында кітапқа деген қызығушылықтың артқанын жеткізді.

"Сіздер сыртты жаңаласаңыздар, біз ішті әрлеудеміз. Оның барлығы оң нәтиже беруде. Жаңарған жерлерде серуендеушілер саны артты, кітап витринасына көз салып, келушілер де көбейді", - деді Наталья Кох.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде жаңарған даңғылдарға ағаш отырғызу, заманауи көше жиһаздарын қою басталды. Көше мен тротуарлардың жарық көздері модернизацияланып жатыр. Алынған бағаналар қалаға қосылған елді мекендерге орнатылып жатыр.

Бұлардан өзге, қала кеңістігін жақсарту аясында мегаполистің тарихи орталығының үштен екісі жаңарды, 524 көше мен 1400 ескі аула қайта жасалды. 300 шақырым арық, 800 шақырымнан аса инженерлік жүйе реконструкцияланды.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, жыл аяғына дейін қаланың жарық көздерінің үштен бірі диодты және энергияны жинақтаушы шамдарға ауыстырылады, жаңарған қоғамдық көліктің үлесі 80 пайызға жетеді.

Алматы көшелеріндегі ескі шамдардың қайда жіберілетіні анықталды

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети