20 шілде 2022 10:06

Алматы іргесіндегі ауыл тұрғындары ауызсу сапасына шағымданды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылының 2 мыңнан аса тұрғыны лас ауызсуды пайдалануға мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылының 2 мыңнан аса тұрғыны лас ауызсуды пайдалануға мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауызсу мәселесі көп жыл бойы Алматыдан 60 шақырым жерде орналасқан Рахат ауылы тұрғындарын толғандырып келеді. Адамдар суды үлкен қауіппен ішеді, бірақ олар үшін басқа балама жоқ.

"Біз бұл суды ішеміз. Ал әкімдік бұл мәселені шешуге асығар емес. Мұндай су үнемі ағып тұрады, барлық құбырлар мен кір жуғыш машиналар бітеліп қалады. Ешкім әрекет жасамайды", - деді жергілікті тұрғындар.

Әкімдік бұл мәселе ауыл тұрғындарының үйіне су кіретін құбырлардың ескіруінен туындағанын хабарлады. Бұл мәселе биыл шешіледі деп күтіліп отыр.

"Рахат ауылына су табиғи жолмен келеді. Елді мекенішілік құбырлар өткен ғасырдың 70-жылдары тартылған. Биыл Рахат ауылдық округіне қарасты үш ауылды Еңбекшіқазақ топтық су құбырына қосу жоспарланып отыр, бұл 9 елді мекенді сумен қамтамасыз етеді", - деді Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети