18 мамыр 2023 09:10

Алматы іргесіндегі ауыл тұрғындарын тасжолға салынған белгі таңғалдырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы іргесіндегі Көксай ауылындағы орталық көшеде асфальттың ескі қабаты алынып, жаңасы төселмей жатып таңбалау жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы іргесіндегі Көксай ауылындағы орталық көшеде асфальттың ескі қабаты алынып, жаңасы төселмей жатып таңбалау жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 мамырда жолшылардың жаңа әдісін жергілікті тұрғын видеоға түсіріп, редакцияның WhatsApp-нөміріне жіберген. Ер адамның айтуынша, белгі бір айдан аса уақыт бұрын пайда болған.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы сол күні Қарасай ауданы әкімдігінен пікір сұрады. Алайда шенеуніктер жол жөндеу жұмыстарын Алматы облысы әкімдігіндегі әріптестері қадағалайтынын хабарлады.

"Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округі әкімдігінің мәліметінше, видеода көрсетілген жол облыстық маңызы бар жолға жатады. Жөндеу жұмыстарын "ДРСУ-8" компаниясы жүргізіп жатыр. Тапсырыс беруші – Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Барлық ақпаратты солардан сұрау керек", - деді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Кейін Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласып көрдік, олар жағдайға байланысты пікір беруге уәде берді.

Айта кетейік, 17 мамырға дейін Көксай ауылындағы басты көшедегі жағдай өзгеріссіз қалып отыр. Асфальттың жаңа қабаты әлі төселген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети