08 маусым 2023 | 15:06

Алматы саябақтарында, Арбатта, электрсамокаттармен жүруге тыйым салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда жалға берілетін электросамокаттардың қозғалысын шектейтін аймақтар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Алматыда жалға берілетін электросамокаттардың қозғалысын шектейтін аймақтар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін және қоғамдық орындар аумағында азаматтардың еркін жүруін қамтамасыз ету мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі кикшерингтік компаниялармен бірлесе отырып, жалға берілетін электросамокаттардың қозғалыс алаңдарына шектеулер енгізді.

"Южный", 28 панфиловшылар паркі, "Тұңғыш Президент саябақтарында микромобильді көліктердің жүруіне тыйым салынды. ҚБТУ алдында, "Ботаникалық бақта". Арбат жаяу жүргіншілер аймағында (Жібек жолы даңғылының бойымен Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін) және Терренкур жолында. Панфилов көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер аумағына және Желтоқсан мен Чайковский көшелерінің арасындағы Мақатаев көшесінің бойындағы қоғамдық саябақта шектеулер енгізілді", - деді Алматы әкімдігі.

Бұл ретте аталған аумақтардың барлығында, сондай-ақ Төлебаев көшесінің бойында электрсамокаттарды қоюға тыйым салынады.

Шектеулер электросамокаттарды жалға беру қызметтерін ұсынатын компаниялардың қосымшаларында көрсетіледі.

"Пайдаланушылардан ережелерді сақтауды, адамдар көп жиналатын жерлерде жоғары жылдамдықпен жүрмеуді және электросамокаттарды рұқсат етілмеген жерге қоймауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети