23 қыркүйек 2020 09:44

Алматы түбіндегі Ан-28 ұшағы апаты: қаза тапқан пилоттың қызы өз нұсқасын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

2017 жылы Алматыда санавиацияның Ан-28 ұшағы апатынан қаза тапқан ұшқыштың қызы Вера Цой ұшаққа оқ атылған болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарып, апатқа қатысты өз нұсқасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2017 жылы Алматыда санавиацияның Ан-28 ұшағы апатынан қаза тапқан ұшқыштың қызы Вера Цой ұшаққа оқ атылған болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарып, апатқа қатысты өз нұсқасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вераның әкесі Геннадий Цой экипаж командирі болған. Оның айтуынша, ол Қырғызстан азаматы болған, бүкіл ТМД-да Ан-28 ұшқыштарын оқытуға қабілеті бар жалғыз командир-нұсқаушы болып саналған. Оның жұмыс өтілі 30 жылдан асатын. Құлаған ұшаққа тиесілі East Wing авиакомпаниясына оны өздері шақырған екен.


Геннадий Цой

2017 жылдың 3 қазанында ол екінші пилотпен, бортинженермен және екі дәрігерімен бірге Алматыдан босанған әйелге көмек көрсету үшін Шымкентке ұшып кетті. Ұшақ Алматы облысының Іле ауданында құлаған. Бортта болған бірде-бір адам тірі қалмаған.

"Мен ол жерге түнде бардым. Әуе компаниясы бізбен байланысқа шыққан жоқ. Біз бәрін БАҚ-тан білдік. Алматыдағы мәйітханаға келдік, ол жерде ұзақ уақыт тұрдық, тану процесі болды және тағы басқасы. Сот-медициналық сарапшылар ешкімнен оқ жарақатын анықтамады. Мұндай ештеңе болған жоқ. Мәйіттер өрт салдарынан жанып кетті", - дейді Вера Цой.

Осылайша Вера Цой ұшаққа от атылған болуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығарып отыр.

Ұшаққа оқ атылған болуы мүмкін - Алматы маңында әуе апатынан қаза тапқандардың туыстары

"Меніңше, бұл тек халыққа қысым. Қорытынды бар, ешқандай оқ атылған жоқ. Сондай-ақ полигоннан осы уақытта атыс жүргізілмегені туралы үзінділер бар. Барлығынан полигон командирінен де, қатысушылардан да жауап алынды. Ол кезде атыс болған жоқ. Оқ атылған болса, онда оқтар, снарядтар, металл болар еді", - дейді ол.

Сондықтан Вера Цой мерзімінен бұрын қорытынды жасамауды және сот шешімін күтуді сұрайды.

"Әуе компания өкілдері радардағы белгілерге қарап айтып жатыр. Онда пайда болатын немесе жоғалып кететін жеті белгі бар. Олар бұл оқ дейді. Бірақ кез келген адамнан баллистикамен, кез келген әскери және тіпті диспетчерлерден сұраңыз, радар оқты байқай алмайды", - дейді қаза тапқан ұшқыштың қызы.

Сондай-ақ, Вера Цой сотта прокурор әуе компаниясының президенті Виталий Масалитинді әуе көлігі қозғалысының қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыптағанын айтады. 

Еске салайық, 2017 жылдың 3 қазанында Алматы маңында Ан-8 ұшағы апатқа ұшыраған еді. Алматыдан ұшқаннан кейін 12 минуттан соң East Wing әуе компаниясының Ан-28 ұшағы радардан жоғалып кеткен болатын.

Бортта бес адам болған. Ұшақ апатынан профессор, дәрігер, акушер-гинеколог Талғат Пацаев пен профессор, дәрігер-реаниматолог Жәнібек Артықбаев, командир Геннадий Цой, екінші ұшқыш Евгений Кутафин, бортинженер Бейшенбек Ақматбаев қаза тапқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети