Алматы тұрғындары жоқ ағылшын тілі сабақтары үшін 400 мың теңгеден төлеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындары жоқ ағылшын тілі сабақтары үшін 400 мың теңгеден төлеген ktk.kz

Алматы тұрғындары ағылшын тілін үйренуді армандағанымен, алаяқтардың құрығына ілінді. 200-ге жуық адам өздерін алданғандар санатына жатқызып отыр. Олар онлайн мектептің шет тілі курстары үшін ақы төлеген. Алайда бір ай бойы тұрақты өткен сабақтар кенеттен тоқтап қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.


Алматы тұрғындары ағылшын тілін үйренуді армандағанымен, алаяқтардың құрығына ілінді. 200-ге жуық адам өздерін алданғандар санатына жатқызып отыр. Олар онлайн мектептің шет тілі курстары үшін ақы төлеген. Алайда бір ай бойы тұрақты өткен сабақтар кенеттен тоқтап қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

"Түрлі сылтаулар айтылды. Біресе мұғалім ауырып қалды десе, біресе оқытушылар өздеріне еңбекақы төленбей жатқанын, сондықтан сабақ өткізбейтінін айтып қоңырау шалды. Содан кейін басшылыққа жаздық. Олар: "қазір, сәл шыдай тұрыңыздар... төрт күн, бір апта" деп жауап берді. Осылайша мамыр айына дейін созды. Қазір сабақтар мүлдем өтпей жатыр", - деді Сәуле Құсбекова.

Ата-аналар онлайн курстар туралы әлеуметтік желідегі жарнамадан білген. Сабақтарға жазылуға танымал блогерлер кеңес берген. Ұсынысқа қызығушылық танытқан ересектер алты айлық үздіксіз оқу үшін 400 мың теңгеге дейін қаражат төлеген.

Зардап шеккендердің айтуынша, көбі несие мен бөліп төлеуге алған. Оның үстіне, оқу орталығының өкілдері мүлдем байланысқа шықпай қойған. Содан кейін алматылықтар полицияға арыз түсірді. Ведомстводағылар істі "Алаяқтық" бабы бойынша тергеп жатқандарын хабарлады.

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық арыз қабылданды. Бұл азаматтар қылмыстық іс бойынша ресми түрде зардап шегуші деп танылды", - деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 492.75   573.14   6.79 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +26
Ақтау +18
Ақтөбе +15
Атырау +17
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +26
П
Павлодар +25
Петропавл +28
С
Семей +29
Т
Талдықорған +26
Тараз +31
Түркістан +17
О
Орал +26
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер