Алматы тұрғындары сел қаупіне байланысты ішінара эвакуацияланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындары сел қаупіне байланысты ішінара эвакуацияланады Бейнеден кадрлар

Алматының Наурызбай ауданында су басу және сел жүру қаупіне байланысты тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматының Наурызбай ауданында су басу және сел жүру қаупіне байланысты тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін алматылықтарға "Ұлттық құлақтандыру" жүйесінен хабарламалар келе бастаған болатын.

ТЖМ не дейді?

Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы сел қаупіне байланысты Ақсай өзенінің арнасы бойында тұратын тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жұмыстары жүргізіледі. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олар уақытша Наурызбай ауданындағы мектептер базасында ашылған қабылдау пункттеріне орналастырылады", - деп хабарлады ведомство.

Министрлік оқиға орнында жедел штаб құрылып, азаматтық қорғау қызметтері жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"8 (727) 279-22-32 нөмірі бойынша жедел желі іске қосылды. Қазірге дейін 4 қоңырау түсті. Барлық іс-шара жоспарлы режимде жүргізіліп жатыр, жағдай бақылауда", - деп мәлімдеді министрліктегілер.

Құлақтандыру

Бұған дейін алматылықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Ұлттық құлақтандыру" жүйесінен келген хабарламалардың скриншоттарын бөліскен болатын.

"Наурызбай ауданын су басу қаупі бар. Бөгетте фильтрация жүріп жатыр. Шұғыл эвакуациялау қажеттілігі туындады", – делінген хабарламада.

Құлақтандыру скриншоты

ТЖМ-нің барлық бөлімшесі, "Қазселденқорғау" және Алматы ТЖД азаматтық қорғау қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқаны атап өтілді. Жағдай тұрақты бақылауда, сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізіліп жатыр, құтқару бөлімшелері жедел әрекет етуге дайын.

Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарына ауа райы тұрақталғанша Іле Алатауы тауларына барудан және демалудан уақытша бас тартуды ұсынды.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер 1 шілдеде Алматыда найзағай ойнап, бұршақ жауып, түнде нөсер күтілетінін хабарлаған болатын. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей уақытта екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +27...+29 градус болады.

Читайте также

Валюта бағамы

 479.23   545.81   6.14 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +24
Ақтау +24
Ақтөбе +22
Атырау +26
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +28
П
Павлодар +21
Петропавл +24
С
Семей +32
Т
Талдықорған +30
Тараз +32
Түркістан +24
О
Орал +28
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер