21 наурыз 2021 09:25

Алматыда 120 адамға той өткізгендер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматылықтар 120 адамға той өткізген. Той кезінде мониторинг тобы кіріп, жиынды тоқтатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматылықтар 120 адамға той өткізген. Той кезінде мониторинг тобы кіріп, жиынды тоқтатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Алматы қаласындағы мониторингтік топ қарқынды жұмыс істеп жатыр. Қалада санитарлық талаптардың сақталуын тексеретін 32 мониторингтік топ бар.

20 наурызда Достық даңғылы 52/2 мекенжайы бойынша "Қазақстан" қонақ үйінің "Гранд Палас" залында үйлену тойы өткізілгені анықталды. Залда шамамен 120 адам болған", - делінген хабарламада.

Алматы қаласының әкімдігі эпидемиологиялық ахуал тұрғысынан қаланың "қызыл" аймақта тұрғанын еске салады. Кейінгі тәулікте қалада коронавирус инфекциясы бойынша оң ПТР бар 437 науқас анықталды. Бұл соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткіш.

"Қалада эпидемияның таралуы күн сайын артып келеді. Коронавирус жағдайын одан әрі ушықтырмау үшін, тұрғындарға вирусқа қарсы ережелерді қатаң сақтаудың маңыздылығын еске саламыз. Атап айтқанда, қоғамдық шараны ұйымдастырып және оған қатысудан аулақ болу. Азаматтар, әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар, сондай-ақ 65 жастан асқан қарт адамдар өте сақ болуға және қарым-қатынастан аулақ болуы шарт", - деді әкімдік өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети