07 ақпан 2019 13:20

Алматыда 120-дан аса көше жөнделеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

2019 жылы Алматыда 120-дан аса көше жөнделеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, алты ықшамауданда ұзындығы 50 шақырымнан асатын жаңадан алты жол салынады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, мегаполисте жаяу жүргіншілер үшін жаңа тротуарлар салу және Жандосов көшесінің BRT желісі бойынша қайта жаңартылу жұмыстарын аяқтау жоспарланған. 

"Абай даңғылы мен Саин көшесінің ары қарай ұзартылуы, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында және Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тасжолы мен Емцов көшесінің қиылысында жол айрық салу жалғастырылатын болады. Бұқтырма көшесі мен Құлжа тасжолының қиылысында немесе "Әуежай" айналма жолы" деп аталатын жаңа көлік жол айрығының құрылысын бастау жоспарланған", - делінген әкімдік хабарламасында. 

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети