1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда 300-ден аса адамға маска тақпағаны үшін айыппұл салынған

© Almaty.tv © Almaty.tv

Алматыда 300-ден аса адамға маска тақпағаны үшін айыппұл салынған, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы. 

Бір айға жуық уақытта Алмалы ауданында бетперде кимеген 169 адамға айыппұл салынған. Ауданындағы кезекті рейд барысында аяқ киім дүкенінде қызметкерлердің қызуы өлшенбейтіні анықталды. Мекеме әкімшісі де бетперде кимеген. Сондай-ақ, сауда орнында медициналық маска қоры да жеткіліксіз. Осы заңбұзушылықтар үшін мекеме басшысына 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

"Бүгінгі жүргізілген рейд бойынша бірнеше әкімшілік-құқық бұзушылық анықталды. Нысандардағы  бетперде кимеген жеке тұлғаларға хаттама толтырылды. Толық айыппұл көлемі 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болса, оның қысқартылған түрі осы соманың жартысын құрайды. Яғни, 15 айлық есептік көрсеткіші", - деді Алмалы ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Гуля Илялетдинова.

Сондай-ақ Алматының Медеу ауданында маска режиімін бұзған 162 адамға айыппұл салынған. Телеарна мәліметінше, Медеу аудандық мониторинг тобы бетперде тағу режимін бақылауға шыққан. Автобустарға кірмей тұрып жолаушылар арасында масканы иегіне қыстырып қойып отыратындар жиі кездескен. Жұртшылық тек тексеру тобын көргенде ғана бетперделерімен тұмшаланып алатын көрінеді.

Бұл жолаушылар осылайша жеңіл ескертумен құтылып кеткен. Әйтсе де Медеу ауданы бойынша қоғамдық орындарда бетперде тақпағаны үшін бұған дейін 162 адамға 83 мың теңге айыппұл салынған.

"Бүгінгі таңда мобильдік топ құрамымен  Медеу ауданы бойынша күндізгі және кешкі рейд жүргізіліп жатыр. Негізінен біз тексеріске шыққанан бастап бір 160 шақты құқық бұзушылық бойынша ұсталған яғни маска режиім бойынша 425-бап, 1-бөлім бойынша", - деді Медеу аудандық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Дияра Жарқынбаева.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!