21 шілде 2020 18:16

Алматыда Әділет департаментінің бөлім басшысы пневмониядан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Кемаль Құсайынов пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметі хабарлады.

Кемаль Құсайыновтың отыз жылға жуық жұмыс өтілі бар, "Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорында түрлі басшылық лауазымда жұмыс істеді. 2010 жылдан 2019 жылға дейін Алмалы аудандық әділет басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Соңғы уақытта Алматы облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі басшысының міндетін атқарушысы болған. 

Кемаль Құсайынов 53 жаста болған. Алматы қаласы Әділет департаментінің ұжымы отбасына көңіл айтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети