14 желтоқсан 2021 14:37

Алматыда "Алтын Орда" бағытында жаңа метро бекеттері қайда орналасатыны аталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімдігі "Алтын Орда" базары бағытына қарай түзелген метро желісі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі "Алтын Орда" базары бағытына қарай түзелген метро желісі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала билігі мәліметінше, "Қалқаман" бекеті Абай даңғылы бойында, солтүстік жағында, Әшімов көшесінің қиылысында орналасады.

"Батыс бағыттағы желіні дамыту алдын ала Абай даңғылы бойымен, одан әрі Алатау даңғылының бойымен Райымбек даңғылына дейін қарастырылған", - деді Қалалық мобильділік басқармасы өкілдері.

Осылайша, Наурызбай әкімдігінен солтүстікке қарай Алатау даңғылы бойында бірінші бекет орналасады деп жоспарланған.

Екінші бекет Алатау даңғылы бойында, Төле би көшесі қиылысында орналасады.

Үшінші бекет "Барлық" базары аумағында, Райымбек даңғылының оңтүстік жағында, жол бойында орналасады.

Болашақ станциялардың нақты орны іздестіру жұмыстары аяқталып, техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленгеннен кейін анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети