Алматыда әскерилер соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Қорғаныс министрлігі Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстандық әскерилер Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Бегуновты туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әскерилер Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Бегуновты туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлы Отан соғысына қатысқан Иван Матвеевич Бегуновты туған күнімен құттықтауға Медеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдардың және "Қарулы күштердің ардагерлері" РҚБ Алматы филиалының өкілдері барған.

Қарулы күштер ардагерлері қалалық кеңесінің өкілі отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин Қорғаныс министрінің атынан құттықтау хатын оқып, майдангерге жеңіске қосқан үлесі мен көп жылдық еңбегі үшін риясыз ризашылығын білдірді.

"Сіз сұрапыл соғыс сынағынан өттіңіз, ал соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанның әрі қарай өркендеуі, әл-ауқаты артуы үшін қызмет еттіңіздер. Ата-бабаларымыздың сол кезеңдегі ерлігі еш ұмытылмайды", – деді Мұстафин.

Ардагер құттықтауларды шексіз ризашылықпен қабылдап, соғыстың ауыр жылдарындағы естеліктерінен сыр шертіп, қазақстандықтарға ашық аспан мен амандық тіледі.

Иван Матвеевич Бегунов 1925 жылы 15 сәуірде Житомир қаласында (Украина) дүниеге келген. Тоғыз жасынан бастап оның тәрбиесімен өкіл шешесі айналысқан. Кейін он алты жасар Иван жұмыс істемек болып Батыс Қазақстанға көшіп барған.

Соғыс басталысымен жас жігіт Ақтөбе облысынан Кеңес әскерінің қатарына шақырылды. Украина майданында 228-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында соғысқан, пулеметші болған. Еуропаны азат етуге қатысты. Жеңісті ол 1945 жылы мамырда Прагада қарсы алды.

Шайқаста көрсеткен батылдығы мен төзімділігі үшін сарбаз Қызыл Ту орденімен, "Ерлігі үшін" медалімен және басқа да жауынгерлік наградалармен марапатталды.

Соғыстан кейін Иван Бегунов Қызылордадағы "Қазқұрылысмонтаж" кәсіпорындарында, кейінірек Алматыдағы "Қазэлектромонтажда" прораб болып жұмыс істеген.

Бүгінде ардагер қызы Иринамен бірге тұрады. Оның бес немересі, он бір шөбересі және бір неменесі бар. Майдангердің рухы әлі мықты, қимылы ширақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer