Алматыда астыртын фармимперия әшкереленді: жаңа деректер белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда астыртын фармимперия әшкереленді: жаңа деректер белгілі болды Видео кадры

Алматыда жалған дәрілік заттарды сату бойынша шенеуніктердің қатысы болған атышулы іске байланысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жалған дәрілік заттарды сату бойынша шенеуніктердің қатысы болған атышулы іске байланысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақша үшін қамқорлық"

Еске салайық, бұған дейін Алматыда контрабандалық жолмен дәрі-дәрмек әкеліп, оны дәріханалар арқылы сатты деген күдікпен төрт фармацевтикалық компания қызметі тоқтатылғаны хабарланған еді.

Сонымен қатар, тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер психотроптық заттар кіретін дәрілерді қоса алғанда, дәрілік препараттарды астыртын өндірген.

Тергеу барысында фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғалары анықталып, ұсталды. Олар ұйымдастырушыларға сыйақы үшін қамқорлық көрсетті деген күдікке ілінген.

"Күдіктілер өздеріне бағынышты фармацевтикалық ұйымдар арқылы күшті әсер ететін заттар мен прекурсорларды қамтитын, сандық және сапалық есепке алынатын дәрілік заттарды, сондай-ақ айналымы шектеулі және арнайы тәртіппен сатылатын препараттарды заңсыз айналымға шығарған", – деді ІІМ.

Сот санкциясы

Тінту барысында прекурсорлар мен дәрілердің ірі партиялары, оларды өндіруге арналған жабдықтар, ақша, құжаттар, электронды тасымалдағыштар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Тергеу нұсқасы бойынша, заңсыз айналым белгілі бір лауазымды тұлғалардың көмегімен бақылаудағы фармацевтикалық ұйымдар арқылы жүзеге асқан.

ІІМ мәліметінше, іс бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр.

"Осы фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 301-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр", – делінген ведомство хабарламасында.

301-бап — "Улы заттардың, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын немесе улы заттарды дайындау не өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құралдардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы". 2-бөлігі бойынша прекурсорларды сату мақсатында немесе ірі мөлшерде заңсыз айналымға түсіру үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы қарастырылған.

366-баптың 3-бөлігі — ауырлататын мән-жайлар кезінде пара алу үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейді: бопсалау арқылы; алдын ала сөз байласқан топпен; ірі мөлшерде; бірнеше рет. Бұл бап бойынша 60–70 еселенген айыппұл немесе 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу, сондай-ақ өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салу жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар алты күдіктіге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. ІІМ қамауға алынғандардың қаншауы лауазымды тұлға екенін және олардың рөлі қандай болғанын нақтыламады.

Ведомство мәліметінше, барлық мән-жайды, қатысы бар басқа да адамдарды анықтау және дәлел жинау жұмыстары жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Тағы оқыңыз: Дәріханада жалған дәрі-дәрмек сатыла ма: оны қалай тексеруге болады?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 474.42   540.58   6.07 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +22
Ақтау +23
Ақтөбе +20
Атырау +26
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +20
Қызылорда +27
П
Павлодар +18
Петропавл +26
С
Семей +25
Т
Талдықорған +18
Тараз +24
Түркістан +24
О
Орал +21
Ө
Өскемен +21
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер