02 қараша 2015 14:01

Алматыда автотұраққа ақы төлемеу туралы шешім "желет кигендерге" әсер етпеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Проркопенко © Владимир Проркопенко

Алматыда 1 қарашадан бастап тротуар типтегі барлық автотұрақта ақы төлеу жүйесіалынып тасталғанына қарамастан, тұрақтың заңсыз қызметкерлері жұмыс істеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 1 қарашадан бастап тротуар типтегі барлық автотұрақта ақы төлеу жүйесіалынып тасталғанына қарамастан, тұрақтың заңсыз қызметкерлері жұмыс істеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 және 2 қарашада тілшілер бұған дейін ақылы болып келген бірнеше автотұраққа барып көрді. Жолдағы жағдай аздап өзгерген. 2015 жылдың шілдесінен бастап ресми ақылы жұмыс істеп келген автотұрақтарда чек беретін терминалдар қазір жұмыс істемей тұр.

Панфилов көшесіндегі көлік қоятын орын. 1 және 2 қарашада автотұрақ қызметкерлері көрінген жоқ.

Сонымен қатар, заңсыз қызметкерлер әлі де жұмыс істеп жатыр. Абылай хан көшесіндегі қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараты мен Қазақ-Британ техникалық университеті жанында заңсыз қызметкерлер тұр.

Қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің маңындағы көлік қоятын орын.

ҚБТУ ғимараты жанындағы автотұрақ қызметкерлері әкімдіктің қойған шектеуінен хабардар. Дегенмен, олардың айтуынша, аздаған уақыт беріліпті. "Әзірше жұмыс істеп жатырмыз. (...) Күн сайын кешкі уақытта жетекші келіп түскен ақшаны жинап әкетеді. Әкімдікке апарып беретін болу керек. Нақты білмеймін", - деді тұрақ қызметкері.


ҚБТУ жанындағы автотұрақ қызметкерлері.

Автотұрақтың заңсыз қызметкерлерін бұрынғыдай Гоголь көшесінен де байқауға болады. "Иә, тыйым салынғанын білеміз. Дегенмен біз бар болғаны мұндағы тәртіпті сақтаумен айналысамыз. Ешкімді ақша төлеуге мәжбүрлемейміз. Беріп жатса аламыз", - деді жұмысшы.


Абылай хан көшесіндегі автотұрақ қызметкерлері.

Көк базарда да "желеттілер" толып жүр. Олар автомобильдердің кіріп-шығуына көмектеседі. Ресми түрде оларға ақша төлемеуге болады.


Көк базар маңындағы автотұрақ қызметкерлері.


Көк базардағы кей орындарда тұрақ ресми түрде ақылы болатын. Паркоматтардан чек шығарылатын еді. 

Алматы-2 теміржол вокзалы маңындағы желет киген қызметкерлер де әлі жұмыс істеп жатыр. Паркоматтар болмағанымен, дайын чектер беріліп жатыр. 


Алматы-2 теміржол вокзалы маңындағы автотұрақ.

Еске сала кетейік, 1 қарашадан бастап тротуарлы типтегі автотұрақтарда ақы төлеу жүйесі алынып тасталған болатын. Салық төлеу кезінде заңбұзушылықтардың көптеп болуымен және келісімшарттағы міндеттердің орындалмауынан осындай шешім қабылданған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети