1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда банктер жалғыз тұрғын үйді сатуды және қарыз алушыларды баспанасынан шығаруды тоқтатады 25 қыркүйек 2021, 10:33

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА), Алматы әкімдігі, банк омбудсманы, банктер және қоғамдық бірлестіктер арасында ипотекалық
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА), Алматы әкімдігі, банк омбудсманы, банктер және қоғамдық бірлестіктер арасында ипотекалық қарыздар бойынша жалғыз тұрғын үйді сатуды және одан халықтың әлеуметтік осал топтарын шығаруды тоқтата тұратын өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттікке сілтеме жасап. 

Меморандумды әзірлеу 2020 жылдың маусымында басталғаны атап өтілді. 

"Меморандумның мақсаты тараптардың проблемалық берешекті, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының шарттары бойынша қайта қаржыландырылған берешекті реттеу жөнінде шаралар қабылдауы арқылы ХӘОТ-қа жататын қарыз алушылардың (тең қарыз алушылардың, кепілгерлердің, кепіл берушілердің) құқықтарын қорғау", - делінген ҚНРДА хабарламасында.

Меморандумға сәйкес, қиындықтары бар қарызды реттеу кезеңінде банктер мынаны тоқтата тұрады: сот ісін жүргізу, қарызды өндіріп алу үшін атқарушылық жазбаны жасауға нотариусқа жүгіну, банк балансына қабылданған жалғыз тұрғын үйді сату, қарыз алушыларды тұрғын үйден шығару, оның ішінде банктің балансындағы осы тұрғын үйдің бұрынғы иелерін шығару.

Айта кетейік, бұл міндетті меморандум емес.

"Тараптардың әрқайсы меморандумның ізгі ниет актісі екенін растайды және тараптардың белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін адал ынтымақтасуға деген өзара ниетін білдіреді және азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілейтін шарт немесе өзге құжат ретінде түсіндірілмейді", - делінген құжатта.

Меморандум күшіне енді, ол қол қойылған күннен бастап 12 ай қолданыста болады. 

Бұған дейін Алматыда болған атыстан соң қарыз алушыларды үйінен шығару мәселесі белсенді талқылана бастаған болатын. Еске салайық, 20 қыркүйекте Алматының Ақбұлақ шағынауданында ер адам бес адамды атып өлтірді, олардың арасында полицейлер, сот орындаушысы және қарапайым тұрғындар бар. Ол үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген адамдарға оқ атқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram