Алматыда болған терактіден қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда болған терактіден қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі © Айнаш Өндіріс

Алматыда болған терактіден қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңгеден, ал зардап шеккендердің отбасына бес миллион теңгеден беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда болған терактіден қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңгеден, ал зардап шеккендердің отбасына бес миллион теңгеден беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Алматыда болған атыстан полиция капитаны Бауыржан Нұрмаханбетов, кіші сержант Мақсат Сәлімбаев пен полиция старшинасы Аян Ғалиев қаза тапты.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды. Қазіргі уақытта Алматыда "Жедел ұстау" арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Сонымен қатар, Алматыда террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланып, кейін бұл режим алып тасталды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың өкілдері қаладағы шабуылдарды бір ғана адамның жасағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынында бүгін Алматыда болған атысты теракт деп атаған болатын.

Алматыда болған оқиғаға байланысты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы көптеген қауесет таралды. Мысалы "Жұлдыз" ықшамауданында және Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалды деген ақпараттар расталмады

Алматыда болған антитеррористік операцияның хронологиясын мына жерден оқи аласыз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети