18 тамыз 2020 17:01

Алматыда бір айда мекемелерге 39 миллион теңге айыппұл салынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда бір ай ішінде мекемелерге 39 миллион теңге айыппұл салынған. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда бір ай ішінде мекемелерге 39 миллион теңге айыппұл салынған. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Рейд кезінде 5 сауна, 7 түнгі клуб, 32 кафе, 17 мейрамхана, 12 массаж бөлмесі, 7 караоке клубы анықталды, олардың иелеріне СЭС қызметкерлерімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес 230 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде 39 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды", - деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ полиция басшысы үш мыңнан аса адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

"Өздеріңіз білесіздер, карантин режимі сақталуын бақылау мақсатында арнайы мониторингтік топтар құрылды, олардың құрамына Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері, аудан әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ полиция қызметкерлері кірді.

Бірлескен топтар жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде барлығы 3423 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 126-сы заңды тұлғалар.

Өкінішке қарай, тәжірибе көрсеткендей, карантинді сақтамау қаупін бәрі бірдей түсіне бермейді: азаматтар тойларды тойлайды, клубтарға барады, кальян шегеді", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети