23 мамыр 2018 09:36

Алматыда дауыл болады - ТЖД ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қатты жел тұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда қатты жел тұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің өкілдері "Қазгидромет" мамандарының 2018 жылдың 22 мамырында жарияланға дауылды ескертуіне байланысты бүгін, 23 мамырда Алматыда найзағай тұратынын айтады. Сондай-ақ, күндіз секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады деп болжанып отыр.

Осыған байланысты Департамент өкілдері Алматы тұрғындары мен қонақтарына  ауа райы жайлы және оған қатысты шектеулер туралы мәліметтерді қарап, жеке автокөліктерді құрылыс маңынан және ағаштардан алыс жерге қоюға және құрылыс нысандарына тұрғындарды қорғау мақсатында қосымша шараларды қабылдауға кеңес береді.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері төтенше жағдай болған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға болатынын айтады.

Еске сала кетейік, кеше Астанада дауыл болып, қаладағы бірнеше ғимарат бүлінген болатын. Кейінірек Астана әкімдігі қала тұрғындарын 23 мамырда дауылдың тағы қайталанатыны туралы ескертті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети