18 ақпан 2019 12:58

Алматыда денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот ісі басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серікбол Мусинов Серікбол Мусинов

Медеу аудандық № 2 сотында Алматының Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусиновқа қатысты сот тыңдауы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Медеу аудандық № 2 сотында Алматының Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусиновқа қатысты сот тыңдауы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша ("Пара беру") айып тағылған. 

Адвокаттар істі Бостандық аудандық сотында қаралуы үшін ауыстыру туралы өтініш білдірді.

"Егер қылмыстық құқықбұзушылық бір соттың қызмет орнында басталса және басқа соттың қызмет орнында аяқталса, қылмыстық іс қылмыстық құқықбұзушылық жасалған жердегі сотта қаралуы керек. Прокуратура осы қылмыстың қай жерде басталғанын нақты көрсетті - бұл қала прокуратурасының ғимаратында және прокуратура ғимаратының жанында аяқталды, онда 5 мың доллар берілген", - деді адвокат Мусинова.

Прокурорлар бұл өтінштің қабылдамауды сұрады, себебі, олардың айтуынша, қылмыстық құқықбұзушылық Медеу ауданында аяқталған. Осылайша, іс Медеу аудандық сотында қаралуы керек. 

Сот істі Бостандық аудандық сотқа ауыстыру үкімін шығарды. 

"Прокуратура Желтоқсан, 189 мекен-жайы бойынша Бостандық ауданында орналасқан. Айыптау материалдарына сәйкес, келісілген 25 мың доллардың қалған 5 мың доллары - Желтоқсан, 189 мекенжайы бойынша орналасқан Алматы прокуратурасының ғимаратында берілген", - деп түсіндірді Тұрсынхан Салықов. 

Алматының бұрынғы бас дәрігері пара берді деген күдікке ілінді

Еске салайық, Серікбол Мусинов Алматының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен 2018 жылдың қыркүйегінде босатылған болатын.

Еңбек жолын 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық ауруханасында интерн дәрігер болып бастаған. Түрлі жылдары Семей облыстық Денсаулық сақтау басқармасы департаментінің басшысы, Астана қалалық Фармацевтикалық бақылау басқармасының басшысы, Маңғыстау облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасы департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.

Мусинов Алматының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне 2017 жылдың қарашасында келген еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети