Алматыда Гоголь мен Қонаев көшелерінің қиылысында орналасқан көппәтерлі үйлер қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Гоголь мен Қонаев көшелерінің қиылысында орналасқан көппәтерлі үйлер қоршауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Гоголь 75 және Қонаев 51 мекен-жайындағы үйлер жабылған. Куәгерлердің айтуынша, үйді Ұлттық гвардия сарбаздаы мен полицейлер қоршауға алған. Үйлерді айнала темір қоршаулар қойылған.
Фото: Әлихан Сариев©
Еске салайық, кеше, 19 наурызға қараған түні Алматыдағы "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің аумағында жергілікті тұрғындардың бірінде коронавирус инфекциясының анықталуына байланысты карантин енгізілген болатын. Әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растаған еді.
Артынша "Сұңқар" тұрғын үйінің маңындағы үш үйге карантин жарияланған болатын.
Ал бүгін түнде Алматыдағы Almaty Towers тұрғын үй кешені қоршауға алынғаны хабарланған.
Новости Казахстана. Сегодня и прямо сейчас. Видео и фото. Подписывайся на @tengrinews в Telegram
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!