16 сәуір 2024 16:44

Алматыда Esentai Mall маңындағы аумақты полиция бақылауға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Midjourney нейрожелісі арқылы жасалған Midjourney нейрожелісі арқылы жасалған

TikTok әлеуметтік желісінде Алматыдағы Esentai Mall маңында тұратын жігіттерге қатысты қауесет тарап жатыр. Қолданушылардың айтуынша, ауқатты әйелдермен танысқысы келетін жастар осы орында жиналады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


TikTok әлеуметтік желісінде Алматыдағы Esentai Mall маңында тұратын жігіттерге қатысты қауесет тарап жатыр. Қолданушылардың айтуынша, ауқатты әйелдермен танысқысы келетін жастар осы орында жиналады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ретте мұндай жігіттерді анықтау белгісі қолдарындағы газдалған сусын деген болжам бар.

Бұл тақырып алматылықтар арасында дүрбелең тудырды. Бұл "жастар тренді" біреулерге зиянсыз болып көрінсе, енді біреулер сауда орталығына барып төбелес шығармақ болған. Бір күн бұрын полицейлер тіпті Esentai Mall маңында қолында пепси ұстаған жігіттердің біріне травматикалық тапанша кезенген адамды ұстауға мәжбүр болған.

Бұл тақырып төңірегіндегі толқуларға Алматы полициясы жауап берді. Esentai Mall маңында алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

"Заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері аталған учаскеде профилактикалық іс-шаралар, оның ішінде жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети