08 наурыз 2020 13:39

Алматыда феминистер шеруі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Алматыда әйелдер құқығы үшін санкцияланбаған марш өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда әйелдер құқығы үшін санкцияланбаған марш өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Маршқа қаладағы бірнеше феминистік қозғалыстың өкілдері қатысты. Олар 8 наурызда таңда Жібек Жолы көшесіндегі ЦУМ-ның маңында жиналды. Биліктің ескертуіне қарамастан, жүзге жуық әйел Арбаттан Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына дейін барды. 

Жолда маршқа қатысушылар түрлі лозунгтар айтты. Олардың ішінде "Өз денем - өз шаруам", "Әйелдер бостандығы үшін", "Өзіңді таңда" деген секілді ұрандар болды.  

Маршқа қатысушылардың көбі қара түсті киім киген. Олар шеруді тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаған. 

Шеруді ұйымдастырғандардың мәліметі бойынша, Қазақстанда жыл сайын жарының қолынан 400 әйел қайтыс болады. 

"Біз жыныстық зорлық-зомбылық туралы заңның қабылдануын талап етеміз. Біз тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарды қылмыстық жауапқа тартуды талап етеміз. Кінәлілерді жазалауды талап етеміз. Әр әйелдің қауіпсіздік пен қорғануға құқығы бар. Әр әйел маңызды", - деді шеруді ұйымдастырушылардың бірі Лейла Махмудова мінберден.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети