04 ақпан 2021 13:55

Алматыда жалға алынған көлікті сатып жіберген алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

Алматыда жалға алынған көлікті сатып жіберген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматыда жалға алынған көлікті сатып жіберген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, Түркістан облысының 1988 жылғы тұрғыны бұрын алаяқтық жасағаны үшін төрт рет сотты болған. Бұл жолы ол автокөлікті жалға беретін бірнеше компанияны алдап кеткен.

"Соңғы эпизод бес күн бұрын болған. 29 қаңтарда алаяқ жауапкершілігі шектеулі серіктестердің бірінің ғимаратында алдау және сенімге қиянат жасау арқылы арам ниетпен Toyota Camry 70 көлігін иемденіп, кейінірек сатып жіберген. Осылайша ол зардап шеккен тарапқа 14 миллион теңге көлемінде зиян келтірген. Көлік құралы алаяқтың қолына түскен бойда, GPS жүйесін өшіріп тастап, кейін сатып алушы іздеуге кіріскен. Ол көлікке нарықтағы бағадан бірнеше есе төмен сома сұраған. Алданған кәсіпкер полицияға шағым түсірді", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.

Күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Полиция оның қылмыстық ісінің сериялық сипатта болу ықтималдығын жоққа шығармай, зардап шеккен азаматтардан 254-47-00; 54-47-01; 254-47-02 және 8-701-666-41-64 телефондары бойынша полицияға хабарласуын сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети