29 қаңтар 2021 08:12

Алматыда Жамбыл көшесіндегі ақылы тұрақ қайта жұмыс істейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласының Жамбыл көшесіндегі көлік тұрағы 8 ақпаннан бастап ақылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AParking-ке сілтеме жасап.


Алматы қаласының Жамбыл көшесіндегі көлік тұрағы 8 ақпаннан бастап ақылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AParking-ке сілтеме жасап.

"Жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты 8 ақпаннан бастап Жамбыл көшесіндегі Желтоқсан даңғылы мен Байсейітова көшесінің арасындағы ақылы автотұрақ, сондай-ақ Назарбаев даңғылының батысындағы шағын учаске қайта пайдалануға беріледі. Учаске нөмірі: 1004", - делінген хабарламада.

Наурызбай батыр мен Қалдаяқов көшелерінің арасындағы Бөгенбай батыр көшесіндегі учаске әлі жөнделіп жатыр. Бұл көшелердегі тұрақтарды қайта қалпына келтірудің нақты күні кейінірек хабарланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети