Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады 20 наурыз 2023, 11:27

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық ұтқырлық басқармасына сілтеме жасап.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық ұтқырлық басқармасына сілтеме жасап.

Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуде қала әкімі 20 наурыздан бастап №43 жаңа бағыт ұйымдастырылатынын айтты.

Ол келесідей болады: Бригадная көшесі - Сағадат Нұрмағамбетов көшесі - Әл-Фараби даңғылындағы кері бұрылыс / Достық даңғылы - Төле би көшесі - Қалдаяқов көшесі - Мақатаев көшесі - Қайырбеков көшесі / Жібек жолы көшесі.

Қарсы бағытта: Қайырбеков көшесі / Жібек Жолы көшесі - Төле би көшесі - Әл-Фараби даңғылы бойынша бұрылыс / Достық даңғылы - Сағадат Нұрмағамбетов көшесі - Бригадная көшесі.

Қозғалыс аралығы 33 минут. Жолаушылар тасымалы тәулігіне 110 адамды тасиды деп күтіліп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram