07 қазан 2022 17:21

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты кей көшелер уақытша жабылады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелер уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.


Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелер уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты бірден бірнеше учаскеде көлік қозғалысы қиындайды. Сонымен, ішінара жабылатын көшелер:

  • 8 қазаннан бастап сағат 22.00-ден 9 қазан сағат 6.00-ге дейін Саин-Мұстафиндағы жолайрықтың солтүстік жағы мен айналма жолы;
  • 9 қазан сағат 22.00-ден 10 қазанға сағат 6.00-ге дейін Саин-Мұстафиндағы жолайрықтың оңтүстік жағы мен солтүстік-шығыс шығаберісі;
  • 8 қазан сағат 22.00-ден 9 қазан сағат 6.00-ге дейін және 9 қазан сағат 22.00-ден 10 қазан сағат 6.00-ге дейін Саин-Мұстафиндағы жолайрықтың солтүстік жағы;
  • 9 қазан сағат 22.00-ден 10 қазанға дейін 6.00-ге дейін Рысқұлов даңғылы бойымен Жангелдин көшесінен Сейфулин даңғылы мен Жансүгіров көшесі қиылысындағы көпірге дейін;
  • 7 қазан сағат 21.00-ден 8 қазан 6.00-ге дейін Саин-Торайғыровтағы жолайрықтың оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс шығаберісі бойы;

"Бұл жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және бағытыңызды алдын ала қарауды сұраймыз", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети