27 қараша 2020 13:49

Алматыда жол қозғалысын реттеген ер адамның видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда бағдаршам істемей тұрған кезде жол қозғалысын реттеген ер адамның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда бағдаршам істемей тұрған кезде жол қозғалысын реттеген ер адамның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Ролик авторының айтуынша, бұл Райымбек батыр даңғылында түсірілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?????????_???????? (@kazantsev_problema)

Қалалық полиция департаментінің өкілдері алматылықтың бұл әрекеті қауіпті екенін айтады.

"Полиция бұл адамға жол қозғалысына немқұрайлы қарамағаны үшін алғыс білдіреді. Бірақ, бұл біріншіден, оның өмірі мен денсаулығы үшін, екіншіден, жүргізушілер үшін қауіпті екенін атап өткен жөн. (...) Мұндай жағдайда 102 нөміріне қоңырау шалып, бағдаршамның істемей тұрғанын хабарлау керек еді. Бірнеше минут ішінде  жол-патрульдік полиция экипажы келер еді", - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.     

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети