13 тамыз 2021 14:24

Алматыда карантинді бұзғандардың жаңа тізімі жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті "қызыл" мәртебесі бар ережебұзушылардың жаңа тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті "қызыл" мәртебесі бар ережебұзушылардың жаңа тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ashyq-та 14 күндік үй карантинін бұзған тағы 114 тұрғын анықталды. Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылған және 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейді (шамамен 87 мың теңге - ескерт.).

Айта кетейік, алғаш рет "қызыл" статусы бар Алматы қаласының 80 тұрғынының тізімі 23 шілдеде жарияланған болатын. Кейінірек Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой заңбұзушылардың аты-жөнін БАҚ-та жариялау туралы шешім қабылданбас бұрын үкіметаралық комиссия, оның ішінде заңды тұлғалардан да кеңес алынғанын түсіндірді.

Өткен аптада "қызыл" мәртебесі бар карантинді бұзғандар саны 86 адам болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети