12 тамыз 2021 16:31

Алматыда қарттар арасында COVID-19 жұқтыру дерегі артқан

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда COVID-19 жұқтырған егде жастағы адамдар саны артты. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мәліметінше, коронавирус жұқтырған қарттар үлесі 22 пайызға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда COVID-19 жұқтырған егде жастағы адамдар саны артты. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мәліметінше, коронавирус жұқтырған қарттар үлесі 22 пайызға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті мәліметінше, эпидемиологиялық жағдай күрделене түскен. Бүгінде Ashyq енгізілген нысандарға ПТР-сынамасы оң бола тұра келгендер саны 1 640 адамға жеткен. Оның 343-іне 30 АЕК (шамамен 87 мың теңге) айыппұл салынған.

Сонымен қатар, соңғы екі аптада науқастар арасында қарттардың саны артқан. Олар коронавирус жұқтырған науқастардың 22 пайызы. Вирус жұқтырғандар арасында 60, 70 және одан жоғары жастағы тұрғындар бар.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департамент мәліметі бойынша, соңғы күндері Ashyq жобасына азық-түлік дүкендері мен дәріханалар да қосылған.

Бұған дейін Алматы кәсіпкерлері "қоңыр-қызыл" аймақта Ashyq жобасының қатысушыларына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беруді ұсынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети