16 қыркүйек 2022 12:41

Алматыда "Қазпошта" қызметкерлері наразылыққа шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр t.me/kozachkow Видеодан алынған кадр t.me/kozachkow

Алматыда "Қазпошта" қызметкерлері наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kozachkov offside Telegram-арнасына сілтеме жасап. 


Алматыда "Қазпошта" қызметкерлері наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kozachkov offside Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, жұмысшылар наразылығы 16 қыркүйек таңертең басталған. Бастамашы топ Алматыдағы "Қазпошта" филиалдарының бірінің алдына жиналған.

Kozachkov offside Telegram-арнасында оқиға орнынан видео жарияланды. Видеода кейбір қызметкерлердің жалақысы 80-90 мың теңге, ал кейбірінікі тіпті 40 мыңға жетпейтіндігі айтылған. Сондай-ақ, осы жағдайға байланысты "Қазпошта" бөлімшелерінің жабылғаны атап өтілді.

"Қазпошта" баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы поштасының директоры Алтын Садықова оқиға орнында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмысшылардың талаптарын талқылау үшін "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Серік Саудабаев Алматыға ұшып келді.

"Филиал ғимаратының алдына жұмысшылардың бастамашыл тобы жиналып, жалақыны көтеруді талап етті. Кейбір Telegram-арналарында жарияланған жалақы мөлшері туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Мұнда төрт пошташы жұмыс істейді. Олардың кейбірі 0,3 мөлшерлеме, яғни толық емес жұмыс күнімен отырады. 0,3 ставка бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы айына 24 сағат (толық мөлшерлеме нормасымен - 176 сағат).

Қазіргі уақытта "Қазпочта" АҚ жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күнімен жұмыс істейтіндердің саны (0,4, 0,5, 0,6, 0,7, 0,8 және 0,9) 47 адам. Бұл ретте компания өз қызметкерлерімен ашық диалог жүргізуге дайын және жағдайды реттеу үшін барлық шараларды қабылдайды", - деп хабарлады "Қазпошта".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети