Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда ҚДСБ басшысының орынбасарын қызметінен босату туралы шешім қабылданады 13 мамыр 2022, 12:09

Алматы әкімдігі Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидың қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Алматы әкімдігі Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидың қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес отырысында жоғары лауазымды тұлғаның теріс қылықтары қаралып, қызметтен босату туралы ұсыныс жіберді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы шешімді 10 жұмыс күні ішінде (20 мамырға дейін) қабылдауы керек", - деді Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 4 мамырда Алматы қаласының Мемлекеттік қызмет істері департаменті Алматының бас дәрігері орынбасарын қызметінен босатуды ұсынған болатын. Себебі, өткен айда әлеуметтік желіде Лаура Мырзағали қызметкерімен сыйлықақыға байланысты сөзге келіспей қалғаны туралы видео тараған. Осы видеодан кейін Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес отырысында жоғары лауазымды тұлғаның теріс қылықтары қаралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram