26 қараша 2021 15:20

Алматыда көліктің үстіне ағаш құлап кетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Алматының орталығында тамырын тереңге жайған үлкен ағаш құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының орталығында тамырын тереңге жайған үлкен ағаш құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 26 қарашада Гоголь мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында болған. Әлеуметтік желіде куәгерлер оқиғаның видеосын жариялады. Кадрда ағаш жеңіл көлікке құлағаны көрінеді.

Қалалық ТЖ департаментінің хабарлауынша, сағат 13.19-да Медеу ауданының полицейлерінен хабарлама түскен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Қалдаяқов көшесіндегі №28 үйдің маңында ағаш Kia Rio маркалы автокөлігіне құлаған.

"Оқиға орнына дереу 109 құтқару қызметінің, "Алматы тазалық" және Медеу ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері жіберілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір жолдың жүру бөлігін тазарту жұмыстары аяқталып қалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді ТЖД.

Бұған дейін Алматыда 26 қарашаға қараған түні қар аралас жаңбыр жауа бастағаны хабарланды. Таңертең қаланың тау бөктерінде алты сантиметрге дейін, ал таулы жерлерде 10 сантиметрге дейін қар жауды.

Қала билігінің мәліметінше, қыс мезгілінде жолдарды тазалауға 1000-нан аса арнайы техника жұмылдырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети