Алматыда көпбалалы отбасыларға тұрғын үйге субсидия беру ұсынылды

13 Ақпан, 16:18
0
Алматыда көпбалалы отбасыларға тұрғын үйге субсидия беру ұсынылды - © kn.ks.ua
© kn.ks.ua

Бауыржан Байбек қолдауға зәру көпбалалы отбасылардың алғашқы жарнасының төлемін субсидиялау мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап. 

"Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының кезектен тыс конференциясында Алматы әкімі Бауыржан Байбек құрамына мемлекеттік жәрдемақы, адрестік көмек, әлеуметтік төлем, демеушілік көмек, еңбекпен қамту және басқалары енген қолдаудың кешенді шараларын атап өтті.

"Қала және аудан әкімдіктері тұрмысы төмен көпбалалы аналармен кездесулер өткізді, аудандық филиалдар басшыларының есепті кездесулерінен ұсыныстар түсуде. Сараптама тұрғын үй мәселесінің барынша өткір тұрғанын көрсетті. Қаржы тапшылығы салдарынан олардың тұрғын үй алудың жеңілдетілген бағдарламасына қатысуға да мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан 4 және одан да көп балалары бар отбасылардың алғашқы жарнасының төлемін субсидиялау мүмкіндігін қарастырған жөн", - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, Алматы әкімі көпбалалы отбасыларға заңнамалық және психологиялық кеңестер, реабилитациялық көмек көрсететін "Бақытты отбасы" орталығын құруды тапсырды. Бұл бір терезе қағидасы бойынша жұмыс жасайтын сервистік орталық болып табылады, осы арқылы көпбалалы аналарды жұмысқа орналаса алады. Бұдан өзге, мегаполис басшысы 4 және одан көп балалары бар отбасылардың тұрғын үй алу үшін төленетін алғашқы жарнасының төлемін субсидиялау мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша көпбалалы отбасыларға берілетін адрестік көмектің көлемін ұлғайту, ыстық және суық су есептегіш қондырғыларын орнатуға кететін шығындарға өтемақы беру мәселесі қарастырылады.

Әлеуметтік әл-ауқат, стратегия және бюджет басқармаларына және басқа да құзырлы органдарға бір апта ішінде осы мәселелер бойынша жұмыс жасау және нақтылы ұсыныстар айту тапсырылды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай