20 сәуір 2016 17:28

Алматыда маза бермеген 151 такси жүргізушісі жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда маза бермеген 151 такси жүргізушісі жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, Көлік полицейлері Алматы қаласының әуежайында азаматтарға маза бермеген 4 такси жүргізушісін ұстаған.


Алматыда маза бермеген 151 такси жүргізушісі жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, Көлік полицейлері Алматы қаласының әуежайында азаматтарға маза бермеген 4 такси жүргізушісін ұстаған.

Департамент мәліметінше, 19 сәуірде таңғы сағат 6.00 шамасында Алматы қаласының Желілік полиция бөліміне 25 жастағы Алматы қаласының азаматы мен 31 жастағы Алматы облысының азаматшасы келіп шағымданған. Олардың айтуынша, әуежай ғимаратының кіре берісінде жеңіл автокөлік жүргізушілері такси қызметін беймаза ұсынған. "Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Алматы қаласының және Алматы облысының 1977, 1980, 1982 және 1993 жылы туылған азаматтары ұсталды. Олардың үстінінен көлік полицейлері ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-тармағы және ҚР ӘҚБтК 449-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырды", - делінген хабарламада.

Көліктегі ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мәліметтері бойынша, үстіміздегі жыл басынан бері 151 такси жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардан 1 миллион 601 355 мың теңге көлемде айыппұл өндіріп алынды. Айта кетейік, мұндай әрекеттер үшін заң бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш (10 605 теңге) көлемінде айыппұл салынады, егер бір жылдың ішінде қайталанатын болса 10 айлық есептік көрсеткіш (21 210 теңге) көлемінде айыппұл тағайындалады немесе әкімшілік соттармен қамауға алынады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети