Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Алматыда министр сөйлеп жатқан кезде жарық өшіп қалды

20 Тамыз 2014, 10:26
0
"Алатау" жаңа концерт залында жарық өшіп қалды. ©Роза Есенқұлова
"Алатау" жаңа концерт залында жарық өшіп қалды. ©Роза Есенқұлова
Жарық 15 минут бойы болмады. ©Роза Есенқұлова
Жарық 15 минут бойы болмады. ©Роза Есенқұлова

Алматыда Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов сөз сөйлеп жатқан кезде залда жарық өшіп қалды, министр баяндамасын қараңғыда әрі микрофонсыз жалғастыра берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің қатысуымен өтіп жатқан қаланың білім саласы қызметкерлерінің тамыз мәслихатынан. Министр баяндамасын жалғастыруы үшін оған қол шаммен жарық түсіруге тура келді.

"Республикалық бюджет есебінен 190-нан астам мектеп салынады. Мемлекет басшысы жеке оқыту жүйесін дамыту міндетін де қойды. Министрліктің алдында бұл жүйемен колледждердің 50%-ын қамту міндеті тұр. Алматыда әлемдік деңгейдегі колледж салынатын болады", - деді Сәрінжіпов. Содан кейін техникалық олқылыққа байланысты ол баяндамасын тоқтатуға мәжбүр болды.

"Мен жалғастыра берейін", - деді Ахметжан Есімов залдан, сөйтті де мінберге көтерілді. "Бұл - "Алатау" атты жаңа концерт залы, жаңа екені көрініп тұр. Мен болған жайт үшін кешірім сұраймын. Мәселені қарайтын боламыз. Негізінде, шынын айтсақ, мақтанғымыз келген", - деп қалжыңдады әкім.

Есімовтің айтуынша, 2014 жылы "Жас Қанат" ықшамауданында 1200 орындық мектеп ашу жоспарланып отыр, "Қалқаманда" зияткерлік мектептің құрылысы жүріп жатыр. "Алматыға аумақтардың қосылуына байланысты бізге тағы сегіз мектеп салу керек. Білім және ғылым министрлігімен бірге бұл біздің қолымыздан келеді деп ойлаймыз", - деді Есімов.

Еске сала кетейік, 2014 жыл білім беру жылы деп жарияланған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай