06 желтоқсан 2016 11:37

Алматыда мүгедектер тұрағына көлігін заңсыз қойған жүргізушілерге 26 миллион теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы ІІД жергілікті полиция қызметі Алматы ІІД жергілікті полиция қызметі

Алматыда 400-ге жуық жүргізушіге мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойғаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrіnews.kz тілшісі қалалық ІІД жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап. Желтоқсанның 2-6 аралығында "Тең құқылы жол" жедел профилактикалық шарасы өтті.


Алматыда 400-ге жуық жүргізушіге мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойғаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrіnews.kz тілшісі қалалық ІІД жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап. Желтоқсанның 2-6 аралығында "Тең құқылы жол" жедел профилактикалық шарасы өтті.

"Бүгінгі күнде полицейлер 7.17 "Мүгедектер тұрағы" белгісіне заңсыз көлігін қойып кететін 383 жүргізушіні анықтады, оларға 26 миллион 947 мың 306 теңге айыппұл салынды. Заң бойынша осы ережені бұзғандар үшін ең көп мөлшердегі айыппұл 99 мың 100 теңгені құрайды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға жол-техникалық жағдайлар жасалған: Алматыда "Мүгедектерді оңалту"  бағдарламасы бойынша жасалған өзгертпелі қиылыстар бар, 49 бағдаршам арнайы дыбыс шығарады, ал 36 бағдаршамда қанша секунд қалғаны көрсетіледі. Осы орайда Алматы қаласының ІІД мүмкіндігі шектеулі жандардың толыққанды өмір сүруі үшін жағдай жасап отыр. Соның бірі - "Мүгедектерге арналған тұрақ" жол белгілері. Бүгінде қала аумағында 730 нысанның алдында 1500 орнатылған", - деді Алматы қалалық ІІД-нің жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.

Сонымен қатар, ІІД мәліметінше, 600 қалалық автобуста мүмкіндігі шектеулі жандарды тасуға арналған қондырғы орнатылған. 


Алматы ІІД жергілікті полиция қызметі

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети