15 тамыз 2016 16:05

Алматыда оқудан шығып қалған студенттерге көмектесемін деп, ақша жымқырды делінген алаяқ әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі © Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алматыда оқудан шығып қалған студенттерге көмектесемін деп, ақша жымқырды делінген алаяқ 26 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда оқудан шығып қалған студенттерге көмектесемін деп, ақша жымқырды делінген алаяқ 26 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алмалы аудандық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің мәліметінше, 1990 жылғы Маржан Ахметова жоғары оқу орындарының бірінің студенттеріне қатысты бірнеше рет алаяқтық әрекеттер жасаған деген күдікке ілініп отыр. Ол өзін университет қызметкерімін деп таныстырып, оқудағы үлгерімі нашар студенттерге емтихандар мен бақылау тапсыруға, сабақтарға қатыспау мәселесін реттеп беруге және оқудан шығып қалған студенттерге көмек көрсетемін деп алдаған. Жедел уәкілдердің мәліметінше, 18 адам бұл әйелдің алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болған. Олар аудандық ІІБ-ге ресми арыз түсірген екен. 

"Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғын анықтап жатыр. Осыған байланысты М.Ахметованың қылмыс әрекеттерінен жапа шеккен азаматтардан 254-46-66; 254-46-12; 8-702-695-12-94 8-747-229-025-28 немесе 102 номерлеріне хабарласуды сұраймыз", - делінген ІІД өкілдерінің хабарында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети