06 желтоқсан 2021 17:13

Алматыда "омикрон" штамы әлі анықталмады - дәрігерлер

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда әлі "омикрон" штамын жұқтырған бірде-бір жағдай анықталмаған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда әлі "омикрон" штамын жұқтырған бірде-бір жағдай анықталмаған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз мәслихатында журналистер одан Алматыда "омикрон" штамын жұқтыру жағдайлары анықталды ма, дәрігерлер коронавирустың жаңа түрімен ауыратын науқастарды қабылдауға дайын ба деп сұрады. Лаура Мырзағали мұндай деректер тіркелмегенін айтты.

"Бүгінге дейін қалада мутацияға ұшыраған "омикрон" штамынан туындаған коронавирус ауруы тіркелген жоқ. Бірақ 5 зертханадан науқастардың материалдарын, яғни оң нәтиже берген ПТР зерттеулерін Алматы қаласындағы Ұлттық сараптама орталығының филиалына жеткізу ұйымдастырылып, жүргізіліп жатыр. Бұл Нұр-Сұлтандағы генетикалық түрлендірілген зерттеулер зертханасына секвенирлеу үшін сынамаларды жіберу мақсатында жасалып отыр", - деді Алматы ҚДСБ басшысының орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети