31 қазан 2018 | 16:25

Алматыда Орталық мәдени және демалыс саябағы қайта жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қайта жаңарған Орталық мәдени және демалыс саябағын аралап көрді. Басқарушы компания жаңа фонтандар, балалар мен спорт алаңдарын салу үшін 1,6 миллиард теңге жеке қаржыны инвестициялаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қайта жаңарған Орталық мәдени және демалыс саябағын аралап көрді. Басқарушы компания жаңа фонтандар, балалар мен спорт алаңдарын салу үшін 1,6 миллиард теңге жеке қаржыны инвестициялаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Орталық саябақ аумағында жарық бағаналары, асфальт төсеніштер, тротуар плиткалары жаңарған, навигация орнатылып, жасыл желек отырғызылуда. Бұрын көлік тұрағы болған жерде спорт алаңдары, стрит-воркаут, баскетбол және футбол алаңдары, роллердром мен скейтодром пайда болған.

Жазғы сахнаның шығыс жағында түрлі түсті алма бағымен инсталляцияланған жаңа фонтан нұр шашып тұр. Сонымен қатар, 10 жылы бос тұрған ескі субұрқақ реконструкцияланған.

Мемлекеттік-жеке әріптестік принципі бойынша сонау 90-шы жылдары істен шыққан "Велотрек" қайта жасалуда. Келер жылдан бастап саябақта балалардың жаңа қалашығын құру жоспарланған.

Медеу ауданының әкімдігі Орталық саябаққа апаратын Гоголь көшесін абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу барысында тротуарлар жаңарып, көше жиһаздары қойылады. Бұрын қаланың тарихи орталығын реконструкциялау кезінде Қалдаяқов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі Гоголь көшесінің бір бөлігі жаңарған еді.

Айта кетерлігі, жалпы Алматыда биылғы жылы 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаңарды. 300 шақырым арық салынды және жөнделді, 800 шақырым инженерлік желі тартылды. Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады, ал жаңа қоғамдық көліктің үлесі 87 пайызға жетеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 512.52   544.72   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети