30 желтоқсан 2020 15:31

Алматыда ірі кептеліс пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгін, 30 желтоқсанда Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында әдеттегіге қарағанда жолдағы кептеліс ұлғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін, 30 желтоқсанда Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында әдеттегіге қарағанда жолдағы кептеліс ұлғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Яндекс 2018 жылдан бастап қалалардағы көлік кептелісін он балл көрсеткішпен бағалайды. Деректерді Яндекс.Картадан қарауға болады. 0-3 аралығындағы көрсеткіш жолдың бос екенін, 4-6 арасы қозғалыс қиындайтынын, 7-10 балл арасы айтарлықтай кептеліс болып тұрғанын көрсетеді.

30 желтоқсанда күндіз Алматыда кептеліс 7 балға жетті. Әсіресе Алмалы және Әуезов аудандары, Бостандық және Медеу аудандарының кей бөлігінде қозғалыс қиындаған. Розыбакиев, Сәтбаев, Төле би көшелері, Назарбаев, Сәкен Сейфулин даңғылы, Әуезов және Жандосов көшелерінің қиылысы қызыл және сары сызықпен белгіленген. 

Яндекс.Картадан Скриншот

Жетісу, Алатау және Түрксіб аудандарында көлік көп емес. 

Қосымшаның деректеріне сүйенсек, Нұр-Сұлтанда жағдай қалыпты. Жолдағы кептеліс 6 балл болды. Бұл қозғалыстың қиындай бастағанын білдіреді.  

Тұрғындар 29 желтоқсанда кептеліс болды деп шағымданды. Бірақ ол кезде ауа райы қолайсыз болған еді.

Шымкентте де кептеліс 6 балл болып көрсетілді. Бұған орталықтағы Қазыбек би және Дулати көшелерінің жабылуы себеп болуы мүмкін. Бірақ Алматы мен Нұр-Сұлтанға қарағанда қызыл жолақ көп емес. Негізінен кептеліс Республика, Тәуке хан, Қонаев және Жібек Жолы даңғылдарында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети