Алматыда соңғы 30 жылда іске алғысыз болып қалған велотрек қайта жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Алматыда соңғы 30 жылда іске алғысыз болып қалған велотрек қайта жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Қаланың орталық мәдениет және демалыс саябағында Кеңес уақытында веложарыс алаңы сағызқарағайдан өріп жасалған. Тәуелсіздік жылдары қараусыз қалған спорт кешені енді велосипед сүйер қауымға есігін айқара ашты. Қайта қалпына келтіру жұмыстарын "Самұрық-Қазына" қоры қаржыландырған. Веложарыс алаңын ел игілігіне беру үшін 200 миллион теңге жұмсалған. Ол жай ғана велосипед тебетін орын емес памп-трек, дерт-парт және скейт-парт сияқты спорт түрлерінен жаттығатын кешен болмақ. Сайыстарды тамашалауға келетін көрермендер үшін 200 орын қарастырылған. Бір күнде 80-ге жуық спортшы жаттыға алады. Еркше спорт алаңын ашу үшін арнайы келген Ахметжан Есімов "Бұл жерден болашақ чемпиондар" даярланады дейді.
Жалпы еліміздің қай қаласында болмасын спортпен шұғылданатын адамдарға жағдай жасалып жатыр. Спорттық кешендер салына береді. Ал Алматыда бүгін ашылған велотрекке біз қаражат бердік. Сондықтан велосипед тебіңіздер, қуаныңыздар. Ең бастысы-спорттық нәтиже күтеміз. Сәттілік тілеймін!", - деді "Самұрын-Қазына" ҰӘА қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.