Алматыда соңғы күндері жауған қардың биіктігі 25 сантиметрге жеткен

15 Қаңтар 2018, 09:56
0
Алматыда соңғы күндері жауған қардың биіктігі 25 сантиметрге жеткен -

Алматыда 11, 12 және 14 қаңтар күндері жауған қарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы күндері қалада жауған қардың биіктігі 25 сантиметрге дейін жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, 15 қаңтар күнгі сағат 7-00-дегі жағдай бойынша, соңғы тәулікте 9 900 текше метр қар шығарылған.

​Коммуналдық қызметтер қар жауған кезден бастап жолдарға мұзды ерітетін материалдарды сеуіп жатыр, жолдың жүретін бөлігінен және жаяу адамдар жүретін жерлерден қарды күреп жатыр. ​Қар тазалау жұмыстарына 600 бірлік арнайы техника, 2 100 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Сондай-ақ, аудандық әкімдіктерде және қалалық әкімдікте қарды тазалау жөніндегі жұмыстарды бақылау бойынша тәуліктік кезекшіліктің ұйымдастырылғаны айтылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауып, боран соғатыны хабарланған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай