18 ақпан 2020 09:59

Алматыда теракт ұйымдастыруға дайындалған екі адам ұсталды - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҰҚК © ҰҚК

ҰҚК Алматыда деструктив діни ағымын ұстанатын екі адамды ұстады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.


ҰҚК Алматыда деструктив діни ағымын ұстанатын екі адамды ұстады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.

"2020 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы ҰҚК жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде Алматы қаласында деструктив діни ағымның 2 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен қамауға алды.

Олардың мекенжайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейне түсірілімдері бар смартфондар алынды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Комитет мәліметінше, оларға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу материалдары бойынша, қамауға алынғандар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған.

ҰҚК мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети