18 қаңтар 2022 18:19

Алматыда террористік қауіптің "қызыл" деңгейі сақталады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда террористік қауіптің "қызыл" деңгейі сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб өкілі мәлімдеді.


Алматыда террористік қауіптің "қызыл" деңгейі сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб өкілі мәлімдеді.

Штаб мәліметінше, қалада терроризмге қарсы операция режимі сақталады.

"Терроризмге қарсы іс-шаралар бойынша Полиция департаменті, Ұлттық ұлан және Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілері қаланы тәулік бойы күзетеді. Блокбекеттер жұмысын жалғастырып жатыр", - деді штаб өкілі.

Сондай-ақ, жедел штаб террористік қауіптің "қызыл" деңгейінде құқық қорғау органдарына бірқатар әрекетке рұқсат етілетінін еске салды. Оның ішінде жеке тексеріс және азаматтардың заттарын, көліктерін қарау, олардың қозғалысын уақытша шектеу қарастырылады, шерулер мен митингілер өткізуге тыйым салынады.

"Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, заң талаптарын сақтауды сұраймыз. Терроризмге қарсы операцияның аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарлаймыз", - деп толықтырды терроризммен күрес агенттік өкілі.

Алматыда терроризмге қарсы операция режимі төтенше жағдай режимі тоқтатылған жағдайда да сақталатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети