19 желтоқсан 2019 09:12

Алматыда түнде жүрген жасөспірімдер мен ата-аналарына айыппұл салына бастады

Видео кадры Видео кадры

Полиция қызметкерлері, білім бөлімінің мамандары және "Нұр Отан" партиясының белсенділері компьютер клубтарын жағалап жүрген кәмелет жасқа толмаған балаларды іздестіре бастады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Полиция қызметкерлері, білім бөлімінің мамандары және "Нұр Отан" партиясының белсенділері компьютер клубтарын жағалап жүрген кәмелет жасқа толмаған балаларды іздестіре бастады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Алатау ауданының бірнеше құзырлы органы арнайы көлікпен түнгі көшелерді аралап, жасөспірімдер көп демалатын түнгі ойын-сауық ошақтарын аралаған. Компьютерлік клубтардың бірінде ересектердің бақылауынсыз уақыт өткізіп жүрген бірнеше бала ұсталған.

Түнгі сағат 22.00-ден кейін кәмелет жасқа толмаған балаларға ата-анасыз немесе ересектердің ертіп жүруінсіз көшеге шығуға тыйым салынған. Бірақ кезекті рейд бұл заңның орындалмайтынын көрсеткен.

"Компьютерлік клубта ойнап отырған бес жасөспірім ұсталды. Олардың ата-аналарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 442-бабы, 1-тармағы бойынша үш айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынатын болады", - деді Алатау аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімінің инспекторы Исатай Дәріқұлов.

Ал компьютер клубының иесі ойын залында кәмелетке толмаған балалардың болғанын білмегенін айтқан. Себебі мұндай жағдайлар үшін клуб және басқа да ойын-сауық орталықтарының иелеріне 25 мыңнан 80 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін екен.

"2019 жылдың 11 ай қортындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты 25 іс-құжат қаралды. 14 сұрақ комиссия жоспарына сәйкес, ал 11 құжат 20 кәмелетке толмағандарға қатысты қаралды. Комиссия қаулысы шығарылды. Яғни, Алатау аудандық білім бөліміне және полиция басқармасының ювеналдық полиция бөліміне ол қаулылар орындалуға жіберілді", - деді Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Шапағат Тұрсынов.

Екі күнге созылған "Жасөспірімдер" жедел-сауықтыру шарасы кезінде жастар әсіресе жиі жиналатын Алатау ауданының он нүктесіне тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде кәмелетке толмаған 20 бала ұсталып, бес ата-ана өз міндеттерін атқармағаны үшін жауапкершілікке тартылмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети