Алматыда ағаш құлап, жеңіл көлікті басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға өткен кеште болған. Бұл туралы редакциямызға оқырман хабарлады.
Сондай-ақ, ол суреттер жіберді, онда құлаған ағаштың көлікті толығымен басып қалғаны анық көрінеді.
Оқырман суреті
Алматы әкімдігіне қарасты құтқару қызметі оқиға жайлы толық ақпарат берді. Куәгерден Барибаев көшесінде үлкен ағаштың құлағаны туралы хабар түскен.
"Оқиға орнына жедел түрде құтқару қызметінің экипаждары келді. Құтқарушылар бензопила мен арнайы техниканың көмегімен диаметрі 100–120 сантиметр болатын құлаған ағашты аралап, Mercedes-Benz көлігін алды", – деп мәлімдеді қызмет өкілдері.
Алматы әкімдігіне қарасты құтқару қызметі
Құтқару жұмыстары түн ортасы өте аяқталған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!