12 қараша 2021 15:03

Алматыда тұрғындардың 8 пайызы коронавирус жұқтырып, аурудан жазылған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарының 8 пайызында вирус жұқтырғаннан кейін иммунитет пайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарының 8 пайызында вирус жұқтырғаннан кейін иммунитет пайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекшин брифингте алматылықтардың 56 пайызында ұжымдық иммунитет қалыптасқанын айтты.

"Екпеден кейін 48 пайыз тұрғында иммунитет қалыптасқан, қала тұрғындарының тағы сегіз пайызы вирус жұқтырып, аурудан жазылған. Бұл ұжымдық иммунитет қазірдің өзінде қала тұрғындарының 56 пайызында қалыптасты деуге болатынын білдіреді", - деді Бекшин.

Қаланың бас санитария дәрігерінің айтуынша, екпенің екінші компонентін алғаннан кейін Алматының 2 680 тұрғыны коронавирус жұқтырған, бұл қаладағы екпе егілгендердің жалпы санының шамамен 0,3 пайызы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети