23 тамыз 2016 12:26

Алматыда Ұлттық баспасөз клубы ғимараты сүріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Алматыда Ұлттық баспасөз клубы ғимараты сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.


Алматыда Ұлттық баспасөз клубы ғимараты сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Осыған дейін, бірінші инстанциядағы соттың шешімімен Ұлттық баспасөз клубы және "ҚазТАГ" ХАА орналасқан ғимараттың 3 және 4 қабаттары сейсмикалық қауіпті деп танылған. 

Сот орындаушы Арнұр Бақытбергеннің айтуынша, сүрілу туралы сот шешімі заңды күшіне енген. Бақытберген Ұлттық баспасөз клубына өз еркімен сүруіне бір ай уақыт берілген, алайда олар сүру жұмыстарын бастамағанын айтты. "30 маусымда бізге өз еркімен сүру туралы құжат келіп түсті, содан кейін олар өз еркімен бұзатынын айтты. Тағы да уақыт сұрады. Қазіргі кезде күштеп сүру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларға екі ай мерзім берілді", - деді сот орындаушы. Ол арнайы техниканың тартылмағанын және әзірге жұмыстар адам қолымен жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ, сот орындаушының айтуынша, сүріліп болғаннан кейін ғимараттың иесіне жүргізілген жұмыстар үшін есеп-шот табысталады екен.

Өз кезегінде, Ұлттық баспасөз клубының өкілі Асқар Матаевтың айтуынша олар сүрілу жұмыстарына дайын болған. "Қазіргі кезде ғимарат бос тұр. Біз бұл шешімге дайын болғанбыз, сондықтан барлық заттарды басқа жерлерге көшірдік. (...) Сот шешімі бар. Негізінде ғимараттың салынуы туралы барлық құжаттар бар. Сот шешім шығарды, алайда барлық құжаттар реттелген және заңдастырылған. Бірінші және екінші қабаттар 50-ші жылдары салынған, 2006 жылы жөндеуден өткен. Мұны сейсмо қауіпті деп санайды. Біз қазіргі кезде осы істің қайта қаралуы үшін Жоғары сотқа шағымдандық", - деді Матаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети