22 шілде 2021 17:51

Алматыда вирус жұқтыру 4 есе өсті. Шектеу шаралары тағы қатаңдайды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Алматыда коронавирус инфекциясының өсуіне байланысты шектеу шаралары күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда коронавирус инфекциясының өсуіне байланысты шектеу шаралары күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин шілденің 3 аптасында коронавирус инфекциясының 12 мыңнан аса жағдайы тіркелгенін айтты, бұл маусымның осы кезеңіндегі көрсеткіштерден 4 есе жоғары. Демек, оның сөзінше, қоғамда COVID-19-дың таралу қарқыны жоғары, сондықтан қатаң шектеу шаралары енгізілуі тиіс.

Бүгінде инфекция жұқтыратын негізгі орындар: базарлар, қоғамдық көліктер, мейрамханалар, кафелер, барлар, адамдар көп жиналатын саябақтар мен жаяу жүргіншілер көшелері.

Эпидемиологтардың айтуынша, базарларда дерт жұқтыру 10 пайыздан 15,9 пайызға дейін, сауда нысандарында 31 пайыздан 39,7 пайызға дейін, демалыс саябақтарында және жаяу жүргіншілер көшелерінде - 1,2 пайыздан 5 пайызға дейін өскен.

"Сондықтан Ведомствоаралық комиссияның ұсынысы бойынша коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін шектеу шараларын күшейту жоспарланды. Атап айтқанда, нысандардың жұмыстарына барынша қатаң шектеулер қою жоспарланып отыр. Қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына жақын арада тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі әрі жарияланады", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров Ashyq-та жұмыс істейтін нысандар арасында тәртіп бұзушыларды анықтау жұмыстарын күшейтуді және қоғамдық орындарға "қызыл мәртебемен" барғандарды жауапқа тартуды тапсырды. Бұдан өзге, мобильді мониторингтік топтардың жұмысын InfoKazakhstan электронды платформасына тіркеу арқылы жаңа жұмыс форматына көшіру туралы тапсырмалар берілді.

"Айта кетерлігі, қолданыстағы шектеулерді күшейту инфекцияның жаппай тарауының алдын алуға бағытталған, бұл денсаулық сақтау жүйесіне ресурстарды тиімді бөлуге және сапалы медициналық қызмет көрсетуге, төсек орындар мен медицина персоналының тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді.

Инфекцияны отбасында жұқтыру 17,7-ден 19,4 пайызға дейін өскен. Сондықтан қалалықтарға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алу қажет, бұл тұрғындардың денсаулығын қорғайды және жақын адамдарды дерттен сақтайды", - делінген хабарламада.

Қалалықтардың денсаулығын қорғау үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде Алматыда 665 мың адам бірінші компонентпен вакциналанды. Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорттық мекемелерде, базарларда және қаланың сауда және ойын-сауық орталықтарында 212 вакцина салу пункті жұмыс істейді.

"Қалада эпидемиологиялық ахуал күрт ушықты. COVID-19-дың "Дельта" нұсқасын жұқтыру тренді, "үнді штамы" - өсе түсті. Қалада денсаулықты сақтау мен эпидемияның алдын алудың жалғыз жолы - тек вакциналану. Сондай-ақ бәріміз бетперде режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға тиіспіз", - деп атап өтті Ержан Бабақұмаров. Ол екпе салдыру, бетперде тағу режимі мен әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтау эпидемияның өршуі кезінде өте маңызды екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети